Олардың ата-анасы үйде ішімдік ішкен
Павлодар облысының Павлодар ауданында ата-анасының кесірінен үш күн бойы сыртқа шықпай, үйде қамалып отырған кәмелетке толмаған балалары құтқарылды.
Балалардың ата-анасы үйде ішімдік ішіп, балаларын сыртқа шығармай, мектепке де жібермеген.
Облыстық Прокуратура 17 мамырда рейдтік іс-шара кезінде Павлодар ауданының прокуратурасы тұрмысы нашар отбасын анықтады. Ата-анасы үш күн бойы үйді ішінен жауып алып, үш кәмелетке толмаған баланы үйден шығармағанын хабарлады.
Отбасы бірнеше күн бойы ішімдік ішіп, балаларды үйде ұстаған. Мектепке және далаға шығармаған. Павлодар ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдарымен, білім беру бөлімімен, полиция бөлімімен, денсаулық сақтау бөлімімен бірлесіп, балаларды босатты. Оларға алғашқы қажетті көмек көрсетілді, – деп хабарлады pavlodarnews.kz.
Аудан прокуратурасы уәкілетті органдармен бірігіп, профилактикалық іс-шаралар өткізуді жалғастыруда.