×

Сарыағашта мұғалім 9-сынып оқушысын зорлады деген күдікке ілінді

Мектеп директоры жәбірленушінің туыстары мен министрліктің комиссия мүшесін «сатып алу» үшін ақша жинаған

 Еркеғали Болатұлы 03.06.2022 | 15:42
фото: видеодан скриншот

Түркістан облысында мұғалім оқушы қызды зорлады деген күдікке ілінді.

«30 мамырда Сарыағаш ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын өзінің кәмелетке толмаған қызға жыныстық қатынас жасау фактісі бойынша арызданған» деп хабарлады Түркістан облысының ПД баспасөз қызметі.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабы бойынша Сарыағаш ауданы ПБ сотқа дейінгі тергеп-тексеру реестріне тіркелген.

Күдікті анықталып, қамауға алынды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бірқатар сараптамалар тағайындалды, - делінген облыстық ПД хабарламасында.

Бұған дейін журналист Саида Тұрсуметова Facebook-тегі парақшасына Сарыағаш мектептерінің бірінде информатика пәнінің мұғалімі 9-сынып оқушысын зорлады деген ақпарат таратқан болатын. Оның айтуынша, жақында сол мұғалім 16 жасқа толмаған қызбен ылдым-жылдым некесін қиып алған көрінеді. Ал мектеп директоры жәбірленушінің туыстары мен министрліктің комиссия мүшесін «сатып алу» үшін ақша жинай бастаған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама