Halyq Uni логотип
×

ІІМ ата-аналар мен түлектерге үндеу жасады (ВИДЕО)

Олар ережені қатаң сақтауға тиіс
 

 Дәурен Ерболат 20.05.2024 | 09:19
ІІМ ата-аналар мен түлектерге үндеу жасады (ВИДЕО)
Фото: Halyq Uni

Ішкі істер министрлігі ата-аналар мен түлектерге үндеу жасады, деп хабарлады Polisia.kz.

ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев биыл 25 мамырда еліміздің барлық мектебінде оқу жылының аяқталуына байланысты сынып сағаттары өткізілетінін еске салды.

Құрметті ата-аналар мен түлектер, салтанатты іс-шаралар барысында полиция қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық шараны қабылдайды. Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша әрбір оқу орнына жауапты полиция қызметкері бекітілді. Патрульдік нарядтар іс-шаралар өткізілетін орындарға барынша жақын болады, - деді ол.

Оның айтуынша, мектептегі «соңғы қоңыраулар» аяқталғаннан кейін ата-аналардың рұқсатымен көптеген түлек іс-шараларды өз бетінше жалғастырады.

Өкінішке қарай, жасөспірімдердің көлік тізгіндеуі қайғылы оқиғаларға әкеліп жатады. Өткен жылы мұндай фактілер Жамбыл, Атырау облыстары мен Алматы қаласында болды. Бұдан бөлек, ата-аналардың бақылауынсыз балалар тыйым салынған жерлерде суға түсіп жатады. Былтыр Ақмола, Маңғыстау және Атырау облыстарындағы су айдындарының шомылуға жабдықталмаған жерлерінде жасөспірімдердің суға кету жағдайы тіркелді. Осыны ескеріп, ата-аналар мен түлектерге ережелерді сақтауға шақырамыз. Құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда дереу 102 нөміріне, ал төтенше жағдайлар туындаса 112 нөміріне хабарласуды сұраймыз», – деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама