Су тасқыны: Қазақстандықтар төтенше жағдаймен қалай күресіп жатыр
ТЖМ өңірлердегі ахуал жайлы ақпарат берді
Петропавлда қалған су басқан 29 аула аумағынан су сору жұмыстары жалғасуда. Өткен тәулікте 153 320 текше метр су сорылды. Өңірде су тасқыны жағдайы тұрақталуына байланысты Алматы қаласы, Абай, Ұлытау, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Түркістан облыстарынан қосымша жұмылдырылған құтқарушылар тұрақты жұмыс орындарына кетті.
Өткен тәулікте Атырау облысында су басқан аумақтардан 66 770 текше метр су сорылды, 10 200 қап төселді. Жайық өзенінің су деңгейіне мониторинг, Атырау қаласы мен Махамбет ауданында қосымша бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізілуде. Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғасуда. Өткен тәулікте 2 900 қапшық пен 1 570 тонна инертті материал төселді, – деді Төтенше жағдайлар министрлігі.
Құрғатылған үйлер мен аумақтарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Соңғы алты күн ішінде ТЖМ радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау бөлімшелері Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Тепличное, Ольшанка, Соколовка, Вишневка, Бесколь, Прибрежное ауылдарында 307 үйде, Атырау облысының Құлсары қаласында ауданы 165 мың шаршы метр аумақтарда дезинфекциялау жүргізді.
Республика бойынша эвакуацияланған 61 348 адам өз үйлеріне оралды. 5 460 адам уақытша орналасу пунктерінде қалып отыр. 22,4 млн артық еріген қар суы сорылып, 11 319 жеке тұрғын үй мен 3 593 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. 7,9 млн артық қапшық және 1,5 млн тонна инертті материал төселді. Апаттық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 6 086 адам, 945 техника, 344 су сору құралы және 63 жүзу құралы, 7 әуе кемесі жұмылдырылды.
Атырау қаласында Жайық суының деңгейі әлі көтеріліп тұр. Су тасқыны: Тоқаев премьер-министрге бірқатар тапсырма берді. Тасқынмен күрес: Жапония Қазақстанға гидротехникалық құрылыстарды нығайтуға көмектеспек.