Қазақстан музейлерінде 4 миллионнан астам жәдігер сақтаулы
Бүгін - Халықаралық музейлер күні
Еліміздің музейлер қорында 4 миллионнан астам көне зат сақтаулы, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Қазір Қазақстанда 275 музей жұмыс істейді. Оның ішінде 16 – республикалық, 15 – музей-қорық, 244 – өңірлік музей бар. Жыл сайын музейлерге келушілер саны артып келеді. Мәселен, 2024 жылдың басынан бері миллионнан астам адам мәдени нысандарға барған.
Еліміздің алғашқы мемлекеттік музейі, еліміздегі музей ісінің қалыптасуына мұрындық болған – ҚР Орталық мемлекеттік музейі. Мұражай Орталық Азиядағы ең көне және ең ірі музейлердің бірі болып саналады. Биыл музейдің ашылғанына 104 жыл толады, ал 95 жыл бұрын музей Алматыға көшірілген, – дейді Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Қазір музейде мәдени-ағарту, экспозициялық-көрме, сақтау, ғылыми-зерттеу, реставрация, коллекционерлік, есепке алу, редакциялық-баспа қызметтері бар және халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытып келеді. ҚР Орталық мемлекеттік музейі қоры 273 611 сақтау бірлігін құрайды, оның 28 838-і ұлттық мәдени игілік тізіліміне енгізілген.
Музей – әрқашан адамзат тарихы мен мәдени мұра сақтаушысы, өйткені олар үлкен ғылыми-ағартушылық, білім және тәрбие беру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазақстан музейлер қорында 4 миллионнан астам музей заты бар, олардың 360 мыңы Ұлттық мәдени игілік объектілері қатарына енген.
Елімізде қанша мұражай бар: Бүгін - Халықаралық музейлер күні.