Halyq Uni логотип
×

Атырау қаласында Жайық суының деңгейі әлі көтеріліп тұр

ТЖМ су тасқыны жағдайы туралы ақпарат берді

 Қымбат Елтайқызы 18.05.2024 | 11:05
Атырау қаласында Жайық суының деңгейі әлі көтеріліп тұр
фото: ТЖМ

Қазір Солтүстік Қазақстан облысында су басқан үйлер жоқ. Өткен тәулікте Петропавл қаласының Подгора шағын ауданында 159 300 текше метр су сорылып, 2 жеке тұрғын үй мен 20 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Қуатты су сору техникасын пайдалана отырып, Подгора шағын ауданында қалған су басқан 29 аула аумағынан су сору жұмыстары жүргізілуде. Квадрокоптермен елді мекендерге әуеден барлау жүргізіліп жатыр.   

Өткен тәулікте Атырау облысында су басқан аумақтардан 34 458 текше метр су сорылды. 19 850 қап пен 1 250 тонна инертті материал төселді. Атырау қаласы мен Махамбет ауданында Жайық өзенінің су деңгейінің көтерілуі байқалады. Осыған байланысты қосымша бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізілуде. Өзен арнасынан шығуына жылдам ден қою үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Құлсары қаласында қалған су басқан 14 жеке тұрғын үйден еріген қар суын сору жұмыстары жалғасып жатыр, – деді ведомство.

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғасуда. Өткен тәулікте 660 қапшық пен 115 тонна инертті материал төселді.

Өңірлерден келген ТЖМ құтқарушылары Солтүстік Қазақстан мен Атырау облыстарында су тасқынына қарсы жұмыстарды жалғастыруда. Құрғатылған үйлер мен аумақтарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізіп жатыр.

Республика бойынша 61 344 адам өз үйлеріне оралды. 5 460 адам уақытша орналасу пунктерінде қалып отыр. 22 млн артық еріген қар суы сорылып, 11 319 жеке тұрғын үй мен 3 593 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. 7,9 млн артық қапшық пен 1,5 млн тонна инертті материал төселді. Апаттық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 5 698 адам, 937 техника, 347 су сору құралы, 63 жүзу құралы мен 7 әуе кемесі жұмылдырылды, – дейді Төтенше жағдайлар министрлігі.

Өтемақы мен баспана сұраған құлсарылықтар аудандық әкімдіктің алдына жиналды. Су тасқыны кезінде онлайн білім алған 2,6 мың оқушы жазғы мектепке барады. БҚО-да тасқыннан зақымдалған үйлер қалпына келтіріле бастады. Су тасқыны болған өңір түлектеріне арнайы гранттар беріледі. Қазақстанда баспананы міндетті сақтандыру тетігін енгізуді қарастыру керек – депутат. Тасқыннан зардап шеккен аймақтардағы балалар жазғы белсенді демалыспен қамтылады. Су тасқыны: 61 мыңнан аса қазақстандық үйіне оралды. Оралдағы саяжай учаскелерінен суды сору жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тасқыннан кейін 202 отбасы тұрғын үй мен пәтер алды. «Резервте тағы 54 млрд теңге бар». Үкімет Атырау облысына қосымша қаржы бөлуге дайын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама