×

Президент референдумға орай бейнеүндеу жолдайды

Үндеу сағат 16:00-де республикалық телеарналар эфирінен көрсетіледі

 Динара Амантай 03.06.2022 | 15:00
Фото: akorda.kz

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы референдумға байланысты Қазақстан халқына бейнеүндеу жолдайды. Мемлекет басшысының үндеуі сағат 16:00-де республикалық телеарналар эфирінен көрсетіледі.

Еске сала кетсек, Конституцияға өзгерістер енгізуге 18 жастан асқан барлық Қазақстан азаматы қатыса алады.

Сайлау учаскелері Қазақстанның барлық елді мекендерінде және шетелдік 52 мемлекетте ұйымдастырылады.

Дауыс беру таңғы 07:00- де басталып, кешкі сағат 20:00- де аяқталады.

Республикалық референдум – Конституция, конституциялық заңдар, заңдар және мемлекеттiк өмiрдегі өзге де маңызды мәселелерге қатысты шешiм жобалары бойынша жалпыхалықтық дауыс беру.

Еске сала кетейік, Қазақстанда жалпыхалықтық референдум екі рет өткізілді - екеуі де 1995 жылы өткен болатын.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстанда 5 маусымда өтетін референдумға бюджеттен 16 млрд 460 млн теңге бөлінетінін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама