Астанада «Ұлы дала жорығы» фильмінің тұсаукесері өтті
Астанада «Ұлы дала жорығы» ат марафон-бәйгесі туралы деректі фильмнің тұсаукесер көрсетілімі өтті, деп хабарлайды Halyq Uni.
Жорық жеңімпаздарының жанкештілігін арқау еткен фильмнің шынайы кейіпкерлері кинокартина туралы пікірін білдірді. «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесіне әйелдерден құралған «Иманжүсіп» командасы (Ақмола облысы) былтыр көпшілікті тәнті еткен болатын. Аталған фильмде ат құлағында ойнаған қыздардың батылдығы туралы айтылады.
Арғымақ мінген арулар Ақмола облысы командасының намысын қорғаған еді.
Ең қызығы, былтыр сынға түскен әйелдер командасының мүшесі Лаура Бұхпабаева биыл ана атанып, биылғы марафон-бәйгеге қатыса алмайын деп отыр.
Әйелдерден құралған «Иманжүсіп» командасының штаттан тыс жаттықтырушысы Руслана Рыженкова шабандоздың жүкті болғанын марафон басталғаннан кейін білген және бұл жаңалық команда үшін де күтпеген жаңалық болған.
Әйелдер құрамасы – бөлек сап. Оларға ешкім сенбеді, бірақ олар барын салды. Жарты жолда жарыстан шығып қалғанына қыздардың өзі емес, жылқылардың бабында болмағаны әсер етті», - дейді ол.
Бапкер қыздардың ұлттық спортқа деген қызығушылығы артып келе жатқандығын айтты.
«Алғашында олар әйелдер құрамасына күмәнмен қарады. Болжам бойынша, қыздарымыз 100 шақырымнан аспайды деп ойлаған. Бірақ қыздар ерлерден кем емес, күшті және төзімді екенін дәлелдеді. Жалпы, мықты команда. Биыл бұдан да жақсы нәтиже көрсетеміз деп ойлаймыз», - дейді Руслана Рыженкова.