Halyq Uni логотип
×

Астана, Алматы, Қарағанды қалаларында ажырасу фактісі жиі тіркеледі – судья

Алимент өндіруге көптеген арыз түсіп жатыр

 Халық үні 16.05.2024 | 14:31

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, ажырасудың ең төменгі көрсеткіші Түркістан және Маңғыстау облысында тіркелген. Ал Астана, Алматы, Қарағанды қалаларында ажырасу жоғары көрсеткішке ие. Бұл туралы Астана қаласы ювенальды сотының судьясы Анар Толықбаева Halyq Uni YouTube арнасына берген сұқбатында айтты.

Біріншіден, некені бұзу туралы талапты қарау барысында судьялар Ақсақалдар кеңесіне жүгінеміз. Ерлі-зайыптыларды Ақсақалдар кеңесіне жолдаймыз. Билер кеңесі де құрылды. Барлығымыз қоғам болып атсалысып, отбасылар сақталып қалады. Маңғыстау өңірі – қазақи жер. Қазақи жерде бәрі тәрбиеден басталады ғой. Отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында өте көптеген жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондықтан ажырасу көрсеткішінің төмен болуының бірден-бір себебі осы деп ойлаймын, – деді Анар Толықбаева.

Осы орайда судья алимент мәселесіне де тоқталып, арыздардың көп болуының себебін түсіндірді.

Алимент өндіруге көптеген арыз түсіп жатыр. Ал ер-азаматтарға келетін болсақ, бізге алиментті өндіру туралы талап түсіп жатады және сот бұйрығы арқылы алимент өндіріп беруге арыз түскенде, ер азаматтар өздерінің қарсылықтарын білдіріп жатады. Олардың ойынша, «неке бұзылғанша балаларының анасының алимент өндіру бойынша сотқа жүгінуге құқығы жоқ». Бұл жерде алиментті өндіру туралы мәселемен сотқа жүгіну үшін некені бұзу міндет емес, – дейді судья.

Сұхбаттың толық нұсқасын Halyq Uni YouTube арнасынан көре аласыз.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама