Ақсулық шенеунік «Ерен еңбегі үшін» марапатынан айырылып, 9 жылға сотталды
Ол қаладағы су құбырын жаңғыртауға бөлінген 340 млн теңгені жымқырған
Ақсу қаласында басшы «Ерен еңбегі үшін» наградасынан айырылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.
Агенттіктің Павлодар облысы бойынша департаменті қаладағы су құбырын жаңғыртауға бөлінген 340 млн теңгені жымқыру фактісін анықтаған.
Ақсу қаласы құрылыс бөлімінің басшысы Мұздыбаев, «Дала» ЖШС директоры Рыспеков және техникалық қадағалау маманы Нұртазин орындалған жұмыстар актісіне қол қойды. Олардың заңсыз әрекетінен мемлекетке 340 млн теңге материалдық залал келді, бұл аса ірі мөлшер болып саналады, - деп жазылған хабарламада.
Ақсу қалалық соты президентке Мұздыбаевты «Ерен еңбегі үшін» медалінен айыру туралы ұсыныс енгізіп, 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.
Ал Павлодар облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Рысбековті 9 жылға, Нұртазинді 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.