1 700 адам жұмыстан айырылған
Экология және табиғи ресурстар министрлігі Абай облысында инвесторға 1 700 жұмыс орнына арналған Селекциялық-гибридті ет өндіру орталығының құрылысын салуға рұқсат бермеген. Атап айтқанда, инвестор жырты жыл бойы министрліктің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қорытындысын ала алмаған.
Бұл туралы Абай облысының прокуратурасы хабарлады.
Прокуратураның хабарлауынша, Селекциялық-гибридті ет өндіру орталығының құрылысы жобасының құны 117 млн теңге болған. Инвесторға бұған дейін заң талаптарын түсіндірілмей, рұқсат құжаттары берілмеген. Сол себепті облыстық прокуратура фронт-офис жұмысы аясында министрліктің комитетімен хабарласып, инвестормен бірігіп жұмыс істеудің жолдарын ұсынды. Соның нәтижесінде комитет инвесторға кеңес беріп, Экологиялық кодекске сәйкес ескертуді жою мүмкіндігі бар қорытынды беру туралы шешім қабылдады.