×

Павлодар облысында браконьер 5 млн теңгеге бағаланған балықты аулаған

Сот оны 6 жылға бас бостандығынан айырды

 Дастан Жұмабекұлы 15.05.2024 | 17:35
Фото: egemen.kz

Павлодар облысында 5 млн теңгеге бағаланған балықты аулаған браконьер ұсталды.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, Железин ауданы Башмачное ауылының 36 жастағы тұрғыны заңсыз балық аулағаны үшін сотталды. Ер адамды жергілікті учаскелік инспектор заңсыз ауланған балықты қара пакетке салып, үйіне бара жатқан кезде ұстаған.

Ол ұзындығы 20 метр, ені 2 метр болатын нейлон торымен балық аулаған. Ер адам Ертіс өзенінің жағасында тұрған Казанка қайығына отырып, қажетті жерге дейін жүзіп, қайық пен нейлон торын құрал ретінде пайдаланып, бекіре тұқымдас балықты аулаумен айналысқан.

Кейін ол қолға түскенде балықты 3 ай бойы жалақы алмаған соң аулап, сатқысы келгенін жасырмады. Одан қара пакет табылып, тәркіленді. Оның ішінде салмағы 5 келі стерлет тұқымды балығы болған.

Осылайша, мемлекетке жалпы сомасы 4 млн 812 мың 750 теңге ірі материалдық залал келтірілді.

Ер адамға ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы 4-бөлігінің 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот тергеуі кезінде ол кінәсын толық мойындады. Сот оны ең төменгі қауіпсіздік колониясында 6 жылға бас бостандығынан айырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама