Halyq Uni логотип
×

Өтемақы мен баспана сұраған құлсарылықтар аудандық әкімдіктің алдына жиналды

Оларға мәселені аудан әкімі Жұмабек Қаражановтың өзі шығып түсіндірді

 Еркеғали Болатұлы 15.05.2024 | 14:59
Өтемақы мен баспана сұраған құлсарылықтар аудандық әкімдіктің алдына жиналды
фото: дереккөз

Құлсары қаласында тасқын судан зардап шеккен тұрғындар Жылыой аудандық әкімдігінің алдына жиналды, деп хабарлады Атырау облысының жедел штабы.

Жылыой ауданы әкімдігі ғимаратының алдына жиналған тұрғындар өтемақы төлеу, жаңа баспана беру мәселесін көтерген. Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов әкімдік алдына жиналған тұрғындармен кездесті.

Жылыой ауданында 2 920 үйді су басқан. Қазір оның 2 906-сы судан тазартылды. Бүгінге дейін тасқын су кірген 2 667 тұрғын үйге техникалық зерделеу, 2 622 тұрғын үйге бағалау жүргізілді. Тұрғындардан 3 мыңға жуық өтініш түсті. Су тасқынынан зардап шеккен 3 904 тұрғынға 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем берілді, - деп хабарлады облыстық жедел штаб.

Сондай-ақ 289 кәсіпкерге залалды өтеу бойынша кеңес берілген.

«Бүгін түстен кейін арнайы мамандар әр тұрғынның үйіне барады. Олар тұрғын үйді техникалық зерделеу және бағалау қорытындысымен таныстырады», - деп мәлімдеді облыстық жедел штаб.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама