×

Биыл елімізде 40 мың неке тіркелді

2023 жылдың шілдесінен бастап 328 мың бала дүниеге келген

 Дастан Жұмабекұлы 15.05.2024 | 13:16
Фото: gov.kz

Жыл сайын 15 мамырда бүкіл әлем жұртшылығы БҰҰ бекіткен халықаралық отбасылар күнін атап өтеді. Осыған орай, «Азаматтарға арналған үкімет» арнайы статистика дайындады.

Мемлекеттік корпорация 10 айда 103 мыңнан астам неке тіркеген. Ал 2024 жылдың басынан бері 40 мың жаңа отбасы пайда болды.

Неке саны бойынша Алматы, Астана және Шымкент қалалары көш бастап тұр. Сондай-ақ 2023 жылдың шілдесінен бастап 328 мың бала дүниеге келген.

Қазір «Азаматтарға арналған үкімет» Астанада, Қарағандыда, Алматыда және Қостанайда некені салтанатты түрде тіркейді. Бұл қызметті басқа қалаларда енгізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, баланың тууын салтанатты тіркеуді енгізу жоспарлануда. Қазірдің өзінде туу туралы куәліктерді жеткізу және оларды ата-аналарына тікелей перзентханаларда табыстау бойынша Астананың медициналық мекемелерімен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Елордадағы пилоттық жоба сұранысқа ие болған жағдайда жоба ауқымы кеңейетін болады, – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 2023 жылғы 1 шілдеде «Азаматтарға арналған үкіметке» азаматтық хал актілерін тіркеу функциялары берілген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама