Halyq Uni логотип
×

Түркістанда мектеп оқушысы 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды – дереккөз

Ол кәмелет жасқа толмаған оқушыны бірнеше рет зорлады деп айыпталған

 Халық үні 15.05.2024 | 11:01
Түркістанда мектеп оқушысы 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды – дереккөз
көрнекі фото: Halyq Uni

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қылмыстық кодекстің 120-бабының 3-1-бөлігінің 1-тармағымен, 121-бабының 3-1-бөлігінің 1-тармағымен, 105-бабының 3-бөлігімен айыпталған М.Д.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Облыстық сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2023 жылдың мамыр айында сотталушы Түркістан қаласында (танысы) кәмелет жасқа толмаған жасөспірімге зорлау және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін бірнеше рет жасаған.

Мемлекеттік айыптаушы айыпты қолдап, М.Д.-ға Қылмыстық кодекстің 120-бабының 3-1-бөлігінің 1-тармағымен, 121-бабының 3-1-бөлігінің 1-тармағымен, 105-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып оған белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, жазасын өтеуге қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде белгілеуді сұраған.

Алайда, сотталушы кінәсін мойындамаған.

Сот шешімімен сотталушы М.Д.-ға Қылмыстық кодекстің 120-бабының 3-1-бөлігінің 1-тармағымен, 121-бабының 3-1-бөлігінің 1-тармағымен, 105-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, оған белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан 2 (екі) жыл мерзімге айыра отырып, оған түпкілікті 7 (жеті) жыл 6 (алты) ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеу жазасы тағайындалған.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Ашық дереккөздерде бұл оқиға Түркістан қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларына қатысты екені айтылды. Яғни, Назарбаев мектебінің 10-сынып оқушысы 9-сынып оқушысына сексуалды зорлық көрсеткені туралы ақпарат тарады. Бұл ақпарат әлі ресми расталған жоқ. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама