Halyq Uni логотип
×

Хабиб Нурмагомедов 6 жылға сотталуы мүмкін – БАҚ

Оның 306 млн 688 мың 389 рубль (шамамен 1,5 млрд теңге, - ред.) қарызы бар болып шықты

 Дастан Жұмабекұлы 14.05.2024 | 16:23
Хабиб Нурмагомедов 6 жылға сотталуы мүмкін – БАҚ
Фото: Chris Young

UFC-дің экс-чемпионы Хабиб Нурмагомедов салықтан жалтарып, төлемей жүргені үшін РФ Қылмыстық кодексінің 199-бабы бойынша 6 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Eadaily.com порталы Ресейдің «Спорт-экспресс» басылымына сілтеме жасай отырып, Хабиб Нурмагомедовтің салық қызметі алдында үлкен қарызы бар екенін хабарлады.

Хабиб Нурмагомедовтің 306 млн 688 мың 389 рубль (шамамен 1,5 млрд теңге, - ред.) қарызы бар болып шықты. Ресейдің Федералдық салық қызметі Нурмагомедовке тиесілі Eagle FC промоушені және спортшының қайырымдылық қорының есеп-шотын бұғаттаған.

Нурмагомедовтің адвокаты Игорь Бушмановтың айтуынша, салық төлемегені үшін Нурмагомедов түрмеге де отыруы мүмкін. 

Салықтан жалтару – ауыр қылмыс. Төленбеген салық соммасы 10 млн-нан асса, бұл үшін РФ заңындағы 199-бап бойынша 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы заң қарастырылған, – делінген хабапламада.

Бұл істі Ресейдің Тергеу комитеті жүргізеді. Әдетте айыпкер ретінде ұйым жетекшісі жауапқа тартылады. Сирек түрде – құрылтайшы мен бас есепші. Айыпкер салық пен өсімді толық төлесе, жазадан құтылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама