×

Талдықорғанда 4 жасар бала құтқарылды

Құтқарушылар пәтерге балкон арқылы арнайы жабдықтың көмегімен кірген

 Дастан Жұмабекұлы 14.05.2024 | 15:53
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Талдықорған қаласында пәтерде ересек адамдардың қарауынсыз қалған 4 жасар бала құтқарылды. Оны Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері құтқарды.

Оқиға қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Ересектердің қарауынсыз қалған бала 5-қабаттағы пәтерден шыға алмай қалған. 

Құтқарушылар пәтерге балкон арқылы арнайы жабдықтың көмегімен кірген. Содан кейін бала ата-анасына аман-есен тапсырылды.

Сәби зардап шеккен жоқ. Медициналық көмекке де мұқтаж болмады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама