×

Павлодарда асханадағы жанжалдың соңы кісі өліміне әкелді

Сотталушы мас болған

 Дастан Жұмабекұлы 14.05.2024 | 14:25
Фото: Halyq Uni

Павлодар қаласының № 2 сотында кісі өліміне әкелген оқиға бойынша ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Кісі өліміне қатысты оқиға наурыз айында Бұқар жырау көшесіндегі орналасқан пәтердің бірінде болған. Осы жерде қала тұрғыны мас болып, танысымен ұрысып қалады. Содан кейін айыпталушы танысының сол жақ жіліншігінен асхана пышағымен екі рет ұрып алады. Сол арада жәбірленуші тамырлы жүйке шоғырының толық қиылысуындағы пышақ жарақатынан қайтыс болған еді. 

Сотта ер адам өз кінәсін толық мойындап, дәлелдемелерді дауламады. Сондықтан іс қысқартылған тәртіпте қаралды. Кінәні толық мойындауына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жеделдетілген тәртіпте жүргізілді. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 55-бабының 3-бөлігіне сәйкес ең жоғары мерзімнің жартысынан, яғни  6 жылдан  аспауы тиіс.

Сот жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескере отырып, ер адамға 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеумен тағайындады, – деп хабарлады pavlodarnews.kz.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама