Halyq Uni логотип
×

Түркістан облысында Сирия азаматтары заңсыз аңшылықпен айналысқан

Мемлекетке келтірілген шығынның алдын ала есептелген көлемі 1 млрд теңгеден асады

 Дастан Жұмабекұлы 14.05.2024 | 10:23
Түркістан облысында Сирия азаматтары заңсыз аңшылықпен айналысқан
Фото: Otyrar.kz

Шымкент қаласы мен Түркістан облысының Созақ ауданында Қызыл кітапқа енген жануарлар мен құстарды заңсыз аулады деген күдікпен арасында Сирия елінің азаматтары бар қылмыстық топ ұсталды.

Otyrar.kz-тің хабарлауынша, мемлекетке келтірілген шығынның алдын ала есептелген көлемі 1 млрд теңгеден асады.

Облыстық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 7 адамды ұстады. Олардың төртеуі – Қазақстан, ал қалған үшеуі – елімізде тұруға ықтиярхаты бар Сирия азаматтары.

Тінту кезінде олардан 382 ақбөкен мүйізі, 119 томаға, 20-дан астам құс ұстауға арналған тұзақ, 7 рация, аңшылық мылтық, 1 пневматикалық мылтық, оптикалық көру құралы, жарықтандырғыш, бинокль, шамамен 15 келіге жуық арқар еті және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді, – делінген полиция хабарламасында.

Браконьерлік фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама