Halyq Uni логотип
×

Қазақстан азаматы Англияда адам өлтірді – СІМ

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

 Дәурен Ерболат 13.05.2024 | 17:19
Қазақстан азаматы Англияда адам өлтірді – СІМ
фото: Halyq Uni

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Англияның астанасы Лондонда Қазақстан азаматының адам өлтірді деген күдікке ілінгенін жеткізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Биыл 10 мамырда Лондон қаласының полициясы Қазақстанның Ұлтыбританиядағы елшілігіне адам өлтірді деген күдікпен Қазақстан азаматтарының ұсталғанын хабарлады. Олардың ерлі-зайыпты екені анықталды. Әйелі босатылып, күйеуі қамауға алынды. Полиция оны тергеп жатыр. Жақын арада оның соты болады деп күтеміз, - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Бүгінде Англиядағы қазақстандықтықтың адвокаты бар. Ол Қазақстандағы туған-туыстарымен байланыста.

Бұған дейін БАҚ-та Англияда 37 жастағы Қазақстан азаматының адам өлтірді деген күдікке ілінгені хабарланған болатын. Лондон полициясының мәліметінше, биыл 6 мамырда кешкі сағат 21:00 шамасында қаладағы аудандардың бірінде 42 жастағы ер адамның денесі табылған. Ол пышақ жарақатын алған.

Оқиға орнында кісі өлтірді деген күдікпен Қазақстан азаматтары ұсталды. 37 жастағы қазақстандыққа адам өлтірді деген айып тағылды, ал 33 жастағы әйел тергеу шаралары аяқталғанға дейін босатылды, - деп жазылған хабарламада. 

Айып тағылған қазақстандық Ұлыбританияға 2023 жылғы мамырда 6 айға жұмыс визасымен барған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама