×

Астанада мүгедектігі бар такси жүргізушісін балағаттаған жігіт ұсталды (ВИДЕО)

Видео желі қолданушыларының наразылығын тудырған

 Еркеғали Болатұлы 13.05.2024 | 15:54
фото: видеодан скриншот

Астанада полицейлер естіп, сөйлей алмайтын такси жүргізушісіне тіл тигізген ер адамды ұстады.

Көлік ішінде түсірілген видео бұған дейін әлеуметтік желіде пайда болған еді. Онда көлікте жолаушы 2 ер адамның отырғаны көрінеді. Алдында отырған ер адам жүргізушінің мүмкіндігі шектеулі екенін білгенде, оған дөрекі сөйлей бастаған. Бұл видео желі қолданушыларының наразылығын тудырып, күдіктінің жауапқа тартылуын талап етті.

Такси жүргізушісіне қатысты балағат сөздер айтқан жолаушы дереу анықталып, ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау бөлмесіне қамалды. Жауапкершілікке тарту үшін әкімшілік материал сотқа жіберілді, - деп хабарлады Астана қалалық ПД баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама