Павлодарда оқушы сыныптасы мен мұғалімін пышақтап кетті

Еркеғали Болатұлы

Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

фото: iStock/Motortion

Бүгін Павлодардағы мектептердің бірінде төтенше жағдай болды. Оқушы сыныптасы мен мұғаліміне пышақпен шабуыл жасаған.

Полиция сыныптасы мен мұғалімін пышақтап кеткен павлодарлық мектеп оқушысын ұстады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - делінген Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.