Ақтөбе облысында тасқыннан зардап шеккендерге шамамен 1 млрд теңге төленді
Қаржы толық тексерістен соң берілген
Ақтөбе облысында тасқыннан зардап шеккен барлық отбасыға шамамен 1 млрд теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем төленді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Өңірде президент пәрменімен су тасқынынан зардап шеккендерді қолдау шарасы жалғасып жатыр.
Биыл 4 сәуірден бастап табиғи апат салдарынан қиын жағдайға тап болған ақтөбеліктерге қаржылық көмек көрсету үшін біржолғы әлеуметтік төлем төлеу жүргізілді.
Бүгінде облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен оған қарасты аудандық бөлімдер келіп түскен барлық өтінімді жан-жақты қарап, тиісті қаржыны өтініш иелеріне аударды. Облыстағы 2 904 отбасыға 939 млн 223 мың теңге төленді, - деп жазылған хабарламада.
Мемлекеттік орган мұнымен жұмысты тоқтатпайды. Егер қаржылай көмек туралы өтініш түссе, әкімдік оны толық тексерістен соң төлейді.