Halyq Uni логотип
×

Қызылордада 90-нан астам жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды

Ювеналды полиция қызметкерлері түнгі тексеру жұмыстарын жүргізді

 Динара Амантай 13.05.2024 | 09:34
Қызылордада 90-нан астам жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

Қалалық полиция басқармасының ұйымдастыруымен мамырың 10-12-сі аралығында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық шарасы өткізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Іс-шара барысында құқық бұзған 91 жасөспірім басқармаға жеткізіліп, олардың ата-аналарына әкімшілік хаттама рәсімделді. Ювеналды полиция қызметкерлері жасөспірімдер арасындағы тәртіпсіздікті болдырмау, қылмыстардың алдын алу, түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болған және ересектердің бақылауынсыз көшеде жүрген балаларды анықтап, ата-аналарына тапсыру бойынша түнгі тексеру жұмыстарын жүргізді.

Жасөспірімдердің ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы («Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуы») бойынша 67 әкімшілік шара қолданылды. ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы («Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру») бойынша 3 хаттама рәсімделді.

Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде сағат 23:00-ден таңғы 6:00-ге дейін болуы заңды өкілдеріне ескерту жасауды көздейді. Егер бұл әрекеттер бір жыл ішінде қайталап жасалса, құқықбұзушыларға 7 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, – деді басқарма бастығының бірінші орынбасары Ердәулет Жаукеев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама