×

Ертең Қазақстанда ауа райы қандай болады

Қазгидромет күнделікті болжамын жариялады

 Қымбат Елтайқызы 12.05.2024 | 18:30
фото: Рыбинские известия

Қостанай облысы

Түнде облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында найзағай ойнайды, күндіз де найзағай, облыстың шығысы мен оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, өңірдің шығысы мен оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с жетеді. Аймақтың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай қаласында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысы

Күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Атырау облысы

Түнде өңірдің солтүстігі мен шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыс пен солтүстіктен жел соғады, аймақтың батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында солтүстік-батыс пен солтүстіктен жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с.

Қызылорда облысы

Таңертең және күндіз өңірдің батысы мен орталығында найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыс пен оңтүстіктен соғады, аймақтың батысы мен орталығында күші 15-20 м/с жетеді. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі, Қазалы ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысы

Күндіз өңірдің батысы мен солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз найзағай. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Петропавлда күндіз найзағай, бұршақ, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.

Маңғыстау облысы

Аймақтың батысы, солтүстігі мен шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыс пен солтүстіктен жел соғады, облыстың батысы мен оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Ақтауда кей уақыттарда найзағай ойнайды.

Түркістан облысы

Өңірдің батысы мен шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысы

Түнде аймақта жел солтүстік пен солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында 15-18 м/с. Өңірдің оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысы

Түнде және таңертең аймақтың шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысы

Түнде өңірдің солтүстігі мен шығысында найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан соғады, аймақтың батысы, солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысы, оңтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда түнде найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 18 м/с.

Астана

Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе облысы

Түнде өңірдің солтүстік жартысында, күндіз оңтүстігі мен шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстікке ауысады, аймақтың оңтүстігі, шығысы мен орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың қиыр оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысы

Өңірде оңтүстіктен жел соғады, күндіз аймақтың батысы мен солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысы

Күндіз өңірдің батысы, солтүстігі мен орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, аймақтың батысы, солтүстігі мен орталығында 15-20, күндіз облыстың батысында екпіні 23 м/с. Өңірдің орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда күндіз найзағай күтіледі.

Алматы облысы

Аймақтың және Алматы қаласының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 17-22 м/с.

Ақмола облысы

Күндіз облыстың батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде өңірдің батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде 15-20, күндіз 15-20, аймақтың батысы мен солтүстігінде екпіні 23-28 м/с болады. Көкшетауда күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с күтіледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама