Отбасындағы зорлық-зомбылық туралы тек жақын достары білген
Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің кеңесшісі Сәкен Мамаш әйелін жиі соққыға жықты деген күдікке ілінді. Оның жұбайы Карина Мамаш отбасылық өміріне қатысты тың деректі бөлісті, деп хабарлады КТК арнасы.
Астанадағы дағдарыс орталығында жатқан әйелдің айтуынша, ол қазір өзін қауіпсіз сезінеді.
Балаларым, анам, әпкем жанымда. Мен көп жыл бойы қорқынышта өмір сүрдім. Ешқайда жүгінген жоқпын. Оған қоса оның кейбір туыстары жиені жайлы білген, себебі мұрнымды тігтіруге ауруханаға апарған. Әрине, олар менің артық сөз айтпауымды қадағалап отырған. Мен кетемін деп айтқан жоқпын. Мен барлық айыптау дәлелдерін интернетке салатынымды айтқанмын және «мені ұруды доғармасаң, түрмеге қамаласың» деген едім. Ол күліп, «маған бәрібір» деп айтты», - деді Карина Мамаш.
Дипломаттың әйелінің сөзіне сенсек, отбасындағы зорлық-зомбылық туралы тек жақын достары білген. Ол тұрмыс құрған алғашқы күннен бастап зорлық-зомбылық көргенін айтты. Көбіне күйеуі алкогольге мас болған күйде агрессия танытып, қол көтеретін.
«Қорғау Астана» қорының басшысы Анна Рыль бұл жайтқа қатысты пікір білдірді.
«Бұл көп қозғала бермейтін өте күрделі мәселе. Әйелдің шетелде тұруы құдды бір бай өмірге теңеледі.
Әйелдер дипломаттарға өте тәуелді, өйткені дипломаттарға шетелге жұмыс сапарымен барғаны үшін әйелі мен балаларын орналастыру мақсатында «жәрдемақы» төленеді. Дегенмен аталған қаражат әйелінің емес, күйеуінің банктік картасына түседі. Яғни шетелдегі әйелдің жеке қаражаты жоқ. Сондықтан олар жиі экономикалық тұрғыдан жұбайларына тәуелді», - деді Анна Рыль.