Halyq Uni логотип
×

Алматыда 6,5 млн теңге айыппұлы бар жүргізуші ұсталды

Ол 189 рет жол ережесін бұзған

 Қымбат Елтайқызы 11.05.2024 | 16:16
Алматыда 6,5 млн теңге айыппұлы бар жүргізуші ұсталды
фото: polisia.kz

Алматы полициясы 6,5 млн теңгеден астам айыппұл арқалаған шетелдік азаматты құрықтады. Ол 189 рет жол ережесін бұзған, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Әкімшілік айыппұлдары төленбеген көлік тізгіндеген жүргізушілерді анықтаумен айналысатын жергілікті полиция қызметкерлері жалған мемлекеттік нөмірлері бар Zeekr автокөлігін тоқтатты, дейді polisia.kz.

Аталған көлік Абай даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысында тоқтатылды. Айыппұл бойынша берешек сомасы 6 миллион 696 мың теңгені құрады. Бұл негізінен жылдамдықты асыру, қоғамдық көлік жолағына шығып кету және белгілеу ережелерін бұзу салдарынан жиналған айыппұлдар. Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды, – деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Полицейлер азаматтарға жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдарды дер кезінде төлеп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау керектігін еске салды.

Әуе рейсінде тәртіп бұзған шетелдіктер жазаланды. Көлігін жалған техникалық тексеруден өткізгендерге айыппұл 370 мың теңгеге дейін көбейеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама