Қазақстандықтар тасқынмен қалай күресіп жатыр
ТЖМ су тасқыны жағдайы туралы ақпарат жариялады
Өткен тәулікте Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында 442 жеке тұрғын үй мен 92 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Су басқан 342 үй мен 272 аула аумағында су сору жұмыстары жалғасып жатыр. Барлығы 365 200 текше метр су сорылды. Күн сайын дронды қолдана отырып, су басқан аумақтарға аэровизуалды тексеру жүргізіледі.
Атырау облысының Құлсары қаласында су басқан 14 үйден су сору жұмыстары жалғасып жатыр. Өткен тәулікте 206 850 текше метр су сорылды. Жайық өзенінің су деңгейіне мониторинг жүргізіліп жатыр. Жағдай бақылауда тұр. Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданында 1,7 км бөгет салу қалды. Сонымен қатар салынған бөгеттерді қосымша нығайту жұмыстары жүргізілді. Қазір жұмыстар жалғасып жатыр.
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғасып жатыр. Өткен тәулікте 3 200 қапшық пен 217 тонна инертті материал төселді, – дейді ведомство.
Республика бойынша 18 332 млн еріген қар суы сорылып, 10 969 тұрғын үй мен 3 350 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. 54 389 адам өз үйлеріне оралды. 5 291 адам уақытша орналасу пунктерінде қалып отыр. Апаттық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 7 935 адам, 1 035 техника, 293 су сору құралы, 60 жүзу құралы мен 10 әуе кемесі жұмылдырылды. Құрғатылған үйлер мен аумақтарда дезинфекциялық жұмыстар жүріп жатыр. Республикалық және облыстық жедел штабтар жұмысын жалғастырып келеді.
Жайық бойындағы елді мекендерді су басу қаупі әлі де жоғары. Қазақстандағы су тасқыны: Сербия жаңадан салынатын үйлердің құрылысына 1 млн еуро бөлді.