Halyq Uni логотип
×

Жоғарғы сот адам өлтірген жасөспірімдердің үкімін өзгеріссіз қалдырды

Сот алқасы сотталғандардың кінәсі дәлелденді деген қорытындыға келді

 Қымбат Елтайқызы 11.05.2024 | 14:02
Жоғарғы сот адам өлтірген жасөспірімдердің үкімін өзгеріссіз қалдырды
фото: Halyq Uni

Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Д. мен М-ға қатысты істі кассациялық тәртіпте қарады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Сот үкімімен кәмелетке толмаған Д. ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі 9), 14) тармақтарымен (кәмелетке толмағанға қатысты бұзақылық ниетпен жасалған кісі өлтіру) кінәлі деп танылып, оған 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Кәмелетке толмаған М., ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігінің 2) тармағымен (қару қолдана отырып бұзақылық) кінәлі деп танылып, оған 1 жыл 4 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.

Сот алқасы іс материалдары мен келтірілген дәлелдерді зерделей келе, Д. мен М.-ның кінәсі дәлелденді деген қорытындыға келді. Туындаған жанжал кезінде Д.-ның жәбірленуші И.-ны пышақтап өлтіргені, одан соңғысының қайтыс болғаны анықталды. Сотталған М., басқа жәбірленушіге жеңіл пышақ жарақатын салған. Д-ның қолында пышақ болғанын куә ғана емес, сотталған М.-да растаған, – дейді Жоғарғы сот.

Куәнің айғақтарына сәйкес, Д.-ның соққысынан кейін жәбірленуші орнында тоқтап, футболкасын көтерген, оның астынан қан кету басталған. Д. мен М.-ның кәнісі сондай-ақ беттестіру хаттамаларымен, тергеу эксперименттерімен, сот сараптамалардың қарытындыларымен дәлденді.

Сотталғандардың әрекеттері бұзақылық ниеттен жасалған деп дұрыс сараланады. Процеске қатысушылардың айғақтарынан белгілі болғандай, Д. мен М. жанжал басталғаннан кейін болмашы мәселе бойынша достарынан пышақ әкелуді өтінген, т.б. жанжалдың жалғасуына қасақана арандатып, ауыр қылмыстар жасау ниетінде болған. Жоғарыда айтылғандардың негізінде сот алқасы сот актілерін күшінде қалдырып, прокурордың наразылығын қанағаттандырудан бас тартты.

Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Тоғаев 10 жылдан соң жазасын жеңілдетуді сұраған. Үш жылда заңсыз жауапқа тартылған 67 адам ақталды. Жоғарғы сот Ресей азаматын елден шығару туралы шешімнің күшін жойды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама