Суды бөгеттер ұстап тұр
Қорғаныс бөгеттері көп мөлшердегі суды төртінші күн бойы ұстап тұр, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты кейбір елді мекендерді су басу қаупі әлі де сақталып отыр. Өңірде жалпы ұзындығы 520 км-ден асатын су тасқынына қарсы бөгеттер салынды, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.
«Қазгидромет» РМК гидрологиялық мониторингі деректері бойынша, биылғы 11 мамырда сағат 09-00-дегі жағдай бойынша:
Жайық-Индербор және Жайық-Махамбет гидропостында су деңгейі шектік белгіден асып түсті. Су тасқыны жағдайы ТЖМ құтқарушыларының бақылауында тұр.
Қазақстандағы су тасқыны: Сербия жаңадан салынатын үйлердің құрылысына 1 млн еуро бөлді. Табиғи апат: малынан айырылғандарға 1,1 млрд теңге өтемақы төленген. Малға құжат болмаса, шығын қалай өтеледі - министр түсінік берді.