Halyq Uni логотип
×

Жайық бойындағы елді мекендерді су басу қаупі әлі де жоғары

Суды бөгеттер ұстап тұр

 Қымбат Елтайқызы 11.05.2024 | 09:15
Жайық бойындағы елді мекендерді су басу қаупі әлі де жоғары
фото: ТЖМ

Қорғаныс бөгеттері көп мөлшердегі суды төртінші күн бойы ұстап тұр, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты кейбір елді мекендерді су басу қаупі әлі де сақталып отыр. Өңірде жалпы ұзындығы 520 км-ден асатын су тасқынына қарсы бөгеттер салынды, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.

«Қазгидромет» РМК гидрологиялық мониторингі деректері бойынша, биылғы 11 мамырда сағат 09-00-дегі жағдай бойынша:

  • Атырау – 533 см. Тәулігіне + 5 см. 
  • Индербор ауданы – 1026 см. Тәулігіне +12 см.
  • Махамбет ауданы – 939 см. Тәулігіне +15 см. 

Жайық-Индербор және Жайық-Махамбет гидропостында су деңгейі шектік белгіден асып түсті. Су тасқыны жағдайы ТЖМ құтқарушыларының бақылауында тұр.

Қазақстандағы су тасқыны: Сербия жаңадан салынатын үйлердің құрылысына 1 млн еуро бөлді. Табиғи апат: малынан айырылғандарға 1,1 млрд теңге өтемақы төленген. Малға құжат болмаса, шығын қалай өтеледі - министр түсінік берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама