Павлодар облысында өртенген үйден ер адамның мәйіті табылды

Дәурен Ерболат

Өрттің нақты себебі анықталып жатыр

Фото: Павлодар облысы ТЖД

Павлодар облысында жер үй өртеніп, 50 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлады облыстық ТЖД.

Қайғылы оқиға 9 мамырда кешкі сағат 19:13-те Павлодар ауданының Набережное ауылында болған. 101 пультіне ауылдағы жер үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде қамыстан салынған 2 бөлмелі үйдің жанып, шатыры жартылай құлаған. Өрттің ауданы – 50 шаршы метр.

Үйдегі газ баллонының біреуі жарылған. Алайда мамандар екінші газ баллонын сыртқа шығарып үлгерген. Осылайша, тағы бір жарылыстың болуына жол берілмеді.

Үйден 1974 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Оның денесі күйіп кеткен. Өрт кешкі сағат 21:55-те толық сөндірілді. Оны сөндіруге 4 техника мен 10 маман жұмылдырылды. Сондай-ақ Чернорецк ауылынан өрт сөндіру бөлімінің мамандары тартылды, - деп жазылған хабарламада.

Оқиға орнында полиция мен дәрігерлер де болған. Өрттің нақты себебі анықталып жатыр.