Halyq Uni логотип
×

Референдум күні Алматыда көлік тұрағы тегін болады

Тұрғындар қоршалған алаңдарда орналасқан тұрақтар мен тротуар типті тұрақтар үшін ақы төлемейді

 Динара Амантай 03.06.2022 | 10:10
Референдум күні Алматыда көлік тұрағы тегін болады
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің бапасөз қызметі

Алматыда республикалық референдум күні көлік тұрағы тегін болады. Бұл туралы Alan Parking және «Алматыспецтехпаркинг» компанияларының баспасөз қызметі хабарлады.

Компания басшылығының мәліметінше, 5 маусым күні алматылықтар базарлардың жанындағы қоршалған алаңдарда орналасқан тұрақтар мен тротуар типті тұрақтар үшін ақы төлемейді.

Еске сала кетсек, Конституцияға өзгерістер енгізуге 18 жастан асқан барлық Қазақстан азаматы қатыса алады.

Сайлау учаскелері Қазақстанның барлық елді мекендерінде және шетелдік 52 мемлекетте ұйымдастырылады.

Дауыс беру таңғы 07:00- де басталып, кешкі сағат 20:00- де аяқталады.

Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің президенттік мерзімін референдум арқылы ұзартуға байланысты пікір білдіргенін хабарлаған едік.

Оның айтуынша референдумда ұсынылған реформалар ең алдымен адам құқықтары мен бостандығын қорғау жүйесін нығайтуға, азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейтуге, мемлекеттік институттардың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама