Өрттің алдын ала себебі анықталып жатыр
Қостанайлық өрт сөндірушілер 5 газ баллонын шығарып, ықтимал жарылыстың алдын алды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Қостанай облысының Мичурино кентінде макулатурасы бар қойма аумағында өрт болған. Алаңы – 1400 шаршы метр.
Өртті сөндіру барысында құтқарушылар әрқайсысы 50 литр болатын 5 тұрмыстық газ баллонын шығарды. Жалын сағат 15:56-да оқшауланып, 16:12-де жойылды.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі анықталып жатыр.