Halyq Uni логотип
×

Шымкентте шала туған сәбиді қорапқа салып тастап кеткен әйел ұсталды

Қала тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды

 Дастан Жұмабекұлы 10.05.2024 | 14:37
Шымкентте шала туған сәбиді қорапқа салып тастап кеткен әйел ұсталды
Фото: gov.kz/Денсаулық сақтау министрлігі

Шымкент қаласында шала туған нәрестені қорапқа салып, аурухананың алдына қалдырып кеткен әйел ұсталды.

Оқиға 7 мамырда кешкі сағат 21:30 шамасында болған. Белгісіз әйел №2 облыстық перинаталдық орталыққа келіп, шала туған нәрестенің денесін қораппен қалдырып кеткен.

Шымкент қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған otyrar.kz-тің хабарлауынша, осы оқиғаға қатысы бар қала тұрғыны анықталып, ұсталған. Қазір оның үстінен қылмыстық іс қозғалып отыр.

Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама