×

Ертең қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұр

Қазгидромет кезекті болжамын жариялады

 Қымбат Елтайқызы 09.05.2024 | 18:05
фото: Halyq Uni

Синоптиктер бірқатар өңірде ауа райы бұзылатынын мәлімдеп, ескерту жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Алматы облысы

Күндіз Алматы облысының батысында, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысы, орталығы мен таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с жетеді. Қонаев қаласында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 18 м/с.

Түркістан облысы

Облыстың оңтүстігі, батысы, таулы және тау бөктерлі аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, күндіз облыстың таулы аудандарында бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні – 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте таңертең және күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Кей уақыттарда найзағай, дауыл болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні – 15-20 м/с. Түркістан қаласында кей уақыттарда найзағай, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан жел тұрады, найзағай кезінде екпіні – 15-20 м/с.

Абай облысы

Күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысы

Күндіз облыста жел оңтүстік-батыс пен батыстан соғады, облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Өңірдің батысы, оңтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда түнде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

Қостанай облысы

Түнде және таңертең облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, аймақтың батысы, солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Қостанай қаласында солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні – 15-20 м/с.

Ақтөбе облысы

Түнде облыстың батысы, солтүстігі мен орталығында 3 градус үсік жүреді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында түнде 1-3 градус үсік жүреді.

Солтүстік Қазақстан облысы

Түнде өңірдің шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с, күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с жетеді. Петропавлда солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда – 23 м/с .

Қызылорда облысы

Күндіз облыстың оңтүстігінде найзағай ойнайды. Аймақтың батысы мен орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Астана

Кей уақыттарда найзағай, бұршақ жауады.

Ақмола облысы

Облыстың солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде найзағай, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысы

Өңірдің батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде найзағай ойнайды. Батыс пен солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Аймақтың батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысы

Түнде облыстың оңтүстігі мен шығысында найзағай ойнайды. Батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, облыстың батысы мен солтүсігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Өңір орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысы

Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, аймақтың солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Павлодар қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Жамбыл облысы

Түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз оңтүстігі мен таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Өңірдің оңтүстігі мен таулы аудандарында найзағай, бұршақ жауып, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Таразда кей уақыттарда найзағай, бұршақ, дауыл болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама