×

9 мамыр күні елімізде ауа райы қандай болады

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы жарияланды

 Қымбат Елтайқызы 08.05.2024 | 16:58
фото: baovemamsong.com

Павлодар облысы

Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Павлодар қаласында күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысы

Өңірде найзағай ойнайды, күндіз облыстың солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Түнде оның екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с жетеді. Облыстың шығысында, оңтүстігінде 23-28 м/с жел соғады. Қостанай қаласында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысы

Күндіз аймақтың батысында, онтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады. Облыстың оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында күші 15-20 м/с жетеді. Таразда солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Түркістан облысы

Күннің соңында таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады. Түнде тауларда, күндіз облыстың оңтүстігі, батысы, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнап, дауыл соғады. Ал облыстың солтүстігінде шаңды дауыл болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады. Таңертең және күндіз облыстың оңтүстігі, батысы, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с жел тұрады. Облыстың батысы мен шөлді аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Шымкентте күндіз кей уақыттарда найзағай ойнап, дауыл соғады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел тұрып, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Түркістан қаласында күндіз кей уақыттарда найзағай ойнап, дауыл соғады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел тұрады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Таңертең және күндіз кей уақыттарда найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Астана

Таңертең және күндіз кей уақыттарда найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыс пен оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысы

Өңірдің солтүстігі мен шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігі мен шығысында 15-20, түнде екпіні 23 м/с жетеді.

Қызылорда облысы

Қызылорда облысында түнде аймақтың солтүстігі, орталығында, күндіз шығысында найзағай ойнап, дауыл соғады. Жел батыстан келеді, күндіз күші 15-20 м/с жетеді. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады, ал шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Қызылорда қаласында жел батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысы

Күндіз өңірде найзағай ойнап, облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с жетеді. Петропавлда күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Атырау облысы

Түнде Атырау облысының шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысы

Күндіз аймақта жел солтүстік-батыс пен батыстан соғады. Өңірдің батысы, солтүстігі мен орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың батысы, оңтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда жел солтүстік-батыс пен батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді.

Абай облысы

Аймақтың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысы

Күндіз өңірдің таулы аудандарында найзағай ойнайды. Шығыстан жел соғады, күндіз облыс орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді. Қонаев қаласында күндіз шығыстан жел тұрады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама