Алматыда қар көшкіні жүруі мүмкін
Сондықтан қарлы беткейлерге шығуға болмайды
Қазгидромет бүгінге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
«Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады. Найзағаймен жаңбыр жауады, елдің оңтүстік-батысында қатты жауын жауып, бұршақ күтіледі. Тек еліміздің батысы, шығысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша желдің күшеюі мүмкін, солтүстік-батыста, шығыста тұман түседі», - деді Қазгидромет баспасөз хатшысы Алина Исмагулова ОКҚ алаңында өткен брифингте.
Түнде Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының шығысында, Қарағанды облысының солтүстік-шығысында, Абай облысында 1-3 градус үсік жүреді. Солтүстік Қазақстан облысының шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік болады. Атырау, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда, Ақтөбе, Түркістан, Абай облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады. 7-13 мамыр аралығында қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында қар көшкіні қаупі сақталады. Көшкін жүру ықтималдығына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды.
7 мамырға ауа райы болжамы жарияланды. Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жария болды. Елімізде құрғақшылық басталады.