Израильде Al Jazeera телеарнасы жабылады
Үкімет басшысы катарлық БАҚ-ты елдің араб халқын мемлекет пен оның армиясына қарсы қойып отыр деп айыптады
Израильде штаб-пәтері Катарда орналасқан араб тіліндегі Al Jazeera телеарнасы жабылады.
Бұл туралы Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мәлімдеді.
Премьер-министр Израиль Үкіметі телеарнаны жабуға бірауыздан дауыс бергенін айтты.
Израиль Al Jazeera телеарнасын елдің араб халқын мемлекет пен оның армиясына қарсы, әсіресе ХАМАС қозғалысының 7 қазандағы шабуылынан кейін зорлық-зомбылыққа итермеледі деп айыптап отыр.