Halyq Uni логотип
×

Елімізде ақылы жолда тегін жүруге көптеп өтініш түсіп жатыр

Өңірлерге гуманитарлық көмек 24 сәуірден бастап 5 мамырға дейін тегін жеткізілді

 Дастан Жұмабекұлы 06.05.2024 | 14:30
Елімізде ақылы жолда тегін жүруге көптеп өтініш түсіп жатыр
Фото: azh.kz

24 сәуірде «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ су тасқынынан зардап шеккен облыстарға гуманитарлық көмекті жеткізетін жеке азаматтарға және заңды мекемелерге ақылы жолдардың тегін болатынын хабарлаған еді. Осыған байланысты бүгінде компанияға  ақылы жолда тегін жүру үшін көлік жүргізушілер мен еріктілерден 40-тан астам өтінім келіп түсті, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ.

Гуманитарлық көмектің көбі еліміздің батыс және солтүстік өңірлеріне арналған. Шымкент, Алматы, Өскемен, Орал, Түркістан мен Астана қалаларынан келіп түскен негізгі өтінімдер «Шымкент-Құлсары», «Шу-Петропавл», «Алматы-Орал», «Талдықорған-Петропавл», «Өскемен-Петропавл», «Астана-Петропавл» бағыттары арқылы жеткізіліп жатыр, – делінген хабарламада.

Компанияның мәліметіне қарағанда, жүргізушілер өңірлерге азық-түлік, киім-кешек, киіз үйлермен және басқа да қажетті заттарды жеткізуде.
 
Еске сала кетсек, ақылы жолдар 24 сәуірден бастап 5 мамырға дейін тегін болды. Жүргізушілер мен еріктілер тағы тегін жүру үшін компанияға өтініш айтып жатыр.
 
Ақылы жолдарда тегін жүру мүмкіндігін пайдалану үшін көлік жүргізушілері 1403 байланыс орталығына хабарласып, өтінім қалдыруы қажет. Өтінім берген кезде көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін және жоспарланған бағытты көрсету керек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама