СІМ ресми өкілі іс-шараны өткізу өңірдегі тұрақтылық үшін маңызды екенін айтты
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Әзербайжан мен Армения келіссөзі қашан өтетінін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
«Бұған дейін қол жеткізілген уағдаластыққа сәйкес Әзербайжан мен Арменияның сыртқы саяси ведомстволарының басшылары арасындағы келіссөз Алматыда 2024 жылғы 10 мамырда өтетін болды», - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Бұған дейін Қазақстанда Әзербайжан мен Армения келіссөзі өтетіні хабарланды. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров екі ел арасындағы келіссөзді өткізуге бюджеттен көп қаржы жұмсалмайтынын айтты.
Бұл ауқымды шара емес. Қазақстан қандай да бір шығынды өтеуі мүмкін. Алайда қос тарап мәмілеге келіп жатса, оның пайдасы тұтас аймаққа тиеді, - деді СІМ ресми өкілі.