Талдықорғанда үй тонаған әккі ұры ұсталды

Дастан Жұмабекұлы

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Фото: halyq-uni.kz

Талдықорған қаласында үй тонаумен айналысқан күдікті ұсталды. Полицейлер 37 жастағы ер адамды қолға түсірді.

Ол қылмыс үстінен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, күдікті кезекті қылмысы кезінде үйдің кіре берісіне терезеден кіріп, үй иесіне жұдырық ала жүгірген.

Қазір осы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған адам әккі ұры болуы мүмкін. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істің барлық мән-жайлары анықталуда. Тергеу оның басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр, – деді Полиция департаменті бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Жетісу облысының полицейлері ұрлықтан сақтану үшін тұрғындарға үйдің терезелеріне темір торлар орнатып, есіктерді мықтап құлыптап, күзет дабылын орнатуды ескертіп келеді.