Halyq Uni логотип
×

Президент православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады

Әділетті Қазақстан құру үшін биік белестерді бағындыра береміз, деп сендірді Тоқаев

 Қымбат Елтайқызы 05.05.2024 | 09:00
Президент православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады
фото: Ақорда

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл мейрам – мейірімділік пен ізгіліктің көрінісі. Мереке кезінде діндар қауым зор қуанышқа кенеледі, болашағы жарқын боларына сенімі артады.    

Жалпыұлттық мәдени кодымызбен берік сабақтасып жатқан Пасха дәстүрлері жұртты жасампаздыққа жетелейді. Сондай-ақ мұқтаж адамдарға көмектесуге, жақын жандарға жанашырлық танытуға шақырады. Православ қауымы қоғамда өзара түсіністік пен келісімді сақтауға, бірлік және тілеулестік сияқты басты құндылықтарды орнықтыруға зор үлес қосып келеді, - делінген Ақорда сайтында

Қасым-Жомарт Тоқаев біз халқымыздың қайсарлығы мен ынтымағының арқасында барлық қиындықты еңсеріп, әділетті Қазақстанды құру үшін биік белестерді бағындыра береміз деп сендірді. Сөз соңында президент барша халыққа зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тіледі.

Атап өтсек, 2 ғасырдан бастап Пасха христиандардың ресми діни мейрамына айналған. Пасханың уақыты әр жылы әр күнге түсіп отырады, бірақ сәуірде немесе мамырдың басында болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама