Жат ағым жетегімен жасалған қылмыс 43 пайыз артқан
Қылмыс жасағандардың 95 пайызы – Қазақстан азаматы
Бұл туралы Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының доценті Бүркіт Нұрмағамбетов Halyq Uni Youtube-арнасына берген сұхбатында айтты.
Осы уақытқа дейін діни-экстремистік белгілері бар жағдайлардың артуы Қазақстанның оңтүстік, батыс аймақтарында көрінсе, бүгінде барлық аймақта көрініс тауып отыр. Елімізде экстремизм-терроризм бойынша қылмыстың саны артты. Статистикаға сүйенсек, былтыр 111 қылмыс тіркелген, - деді Бүркіт Нұрмағамбетов.
Бас прокуратурадағы құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің деректеріне сәйкес, бізде қылмыс жасағандардың 95 пайызы – Қазақстан азаматы, тек 2,4 пайызы – ТМД елдерінің өкілдері. Ал қалған 1,4 пайызы – азаматтығы жоқ адамдар. Қылмыстардың көбі Солтүстік Қазақстан, Алматы, Қарағанды, Ақмола облыстарында тіркелген. Толығырақ жоғарыдағы видеода.