Halyq Uni логотип
×

Астанада жаңа автобус жолақтары пайда болады

 Дәурен Ерболат 04.05.2024 | 11:42
Астанада жаңа автобус жолақтары пайда болады
Фото: astana.gov.kz

Елордадағы 7 көшеде жаңа автобус жолақтары пайда болады, деп хабарлады CTS компаниясы.

Нақты айтқанда, жалпы ұзындығы 58,6 шақырым болатын 7 көшеге жалпы ұзындығы 58,6 шақырым болатын жаңа автобус жолақтары (Bus Lane) енгізіледі.

Алдағы уақытта жаңа жолақтар Мәңгілік ел даңғылы, Тұран даңғылы, Тәуелсіздік даңғылы, Керей Жәнібек хандар көшесі, Ұлы Дала даңғылы, Рахымжан Қошқарбаев даңғылы, Шыңғыс Айтматов даңғылында пайда болады.

Мамырдың соңында жаңа жолақтардың пайдалануға берілгенін хабарлаймыз. Бұл қоғамдық көліктің жүру уақытын 6 минутқа қысқартады. Мәселен, 18 минуттан 12 минутқа дейін. Сондай-ақ автобустардың қозғалыс жылдамдығын 16 шақырым/сағаттан 19 шақырым/сағатқа дейін арттыруға ықпал етеді.

Айта кетейік, Астанада автобус жолақтары (Bus Lane) алғаш рет 2015 жылы 26 шілдеде пилоттық режимде енгізілген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама