Halyq Uni логотип
×

Жетісу облысында 29 шенеунік жауапқа тартылды

Әкімдіктер кәсіпкерлерге 80 млн теңге берешек болған

 Динара Амантай 04.05.2024 | 10:25
Жетісу облысында 29 шенеунік жауапқа тартылды
Фото: Halyq Uni

Жетісу облысының прокурорлары 50-ден аса кәсіпкерлердің құқығын қорғап, орындалған келісім-шарттар бойынша оларға тиесілі қаражатты қайтаруға қол жеткізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптарына сәйкес, енгізілген кепілдік ақшасы кәсіпкерлерге өз міндеттемелерін орындағаннан кейін дереу қайтарылуға тиіс болатын. Алайда жергілікті атқарушы органдар өз міндеттемелерін уақтылы орындаған кәсіпкерлерге 80 млн теңге көлемінде тиісті қаржыны қайтармаған.

Қадағалау актісі бойынша кәсіпкерлерге ақша қайтарылып, заңбұзушылыққа жол берген 29 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама