Halyq Uni логотип
×

Мамандар жер сілкісіне төзімді үй салуды Оңтүстік Кореядан үйренбек

Шетелдіктер Алматыдағы ғимараттарды да тексереді

 Дәурен Ерболат 03.05.2024 | 17:29
Мамандар жер сілкісіне төзімді үй салуды Оңтүстік Кореядан үйренбек
Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Қазақстан мамандары жер сілкісіне төзімді және энергия үнемдейтін үй салуды Оңтүстік Кореядан үйренбек, деп хабарлады Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

Корея Республикасының Азаматтық құрылыс және құрылыс технологиялары институты мен Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум құрылыс саласындағы ынтымақтастықты орнату және дамытуды, сейсмикаға төзімді ғимараттар мен құрылыстар, энергия үнемдейтін ғимараттар салуды, конструкцияларды техникалық тексеру және қызмет көрсету саласында серіктестікті кеңейтуді көздейді. Ынтымақтастықтың бірінші кезеңінде Алматы қаласындағы ғимараттар мен құрылыстарды тексеруге Оңтүстік Кореяның Азаматтық құрылыс және құрылыс технологиялары институтының мамандарын тарту жоспарланып отыр. Бұл жұмыс қаладағы ғимараттарды құжаттау аясында жүргізіледі.

Айта кетсек, Корея Республикасының Азаматтық құрылыс және құрылыс технологиялары институты 1948 жылы құрылған. Институт Оңтүстік Кореяда ауыл және қала инфрақұрылымын дамыту, ақылды және сейсмикаға төзімді ғимараттар салу саласында көшбасшы саналады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама