Ол форманы әскери киім дүкендерінің бірінен сатып алғанын мойындады
Әлеуметтік желіде тәртіп сақшысының киімін киген ер адамның күдікті әрекеттері бейнеленген видео жарияланды. Осы іске қатысты Талғар ауданында полиция 31 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол жанармай құю бекеттерінің біріне полиция формасын киіп барғанын мойындады.
Жауап алу барысында жігіт қаладағы әскери киім дүкендерінің бірінен арнайы форманы сатып алғанын айтты.
Жалған полицей қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады.