Құқық бұзған адам екі тәулікке әкімшілік қамаққа алынды
Түркістан облысы Түлкібас аудандық сотының ғимаратында жергілікті тұрғынға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 653-бабы 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.
Түлкібас аудандық сотына құқық бұзушы ретінде жеткізілген азамат сот ғимаратының кіреберісінде (фойеде) сот қызметкерлерінің ескертуіне құлақ аспай, балағат сөздер айтып, сотта дөрекі мінез танытқан.
Сот отырысында құқық бұзушы жасаған әрекетін мойындап, кешірім сұрайтынын, енді ондай әрекеттің қайталанбайтынын айтты.
Бірақ сот қаулысымен ол ҚР ӘҚБтК-нің 653-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 2 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды.