Бұл жұмыс еліміздің басқа өңірлерінде де жүргізілмек
Білім және ғылым министрлігі жанынан құрылған арнайы комиссия Алматы қаласындағы балабақшалардың жұмысын тексереді. Комиссия құрамына білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің өкілдері, сарапшылар, әдіскерлер мен қоғам белсенділері кіреді.
Комиссия мүшелері мектепке дейінгі ұйымдардағы жағдай мен балабақша қызметкерлері жұмысының сапа стандарттарына сәйкестігін тексереді. Бұл жұмыс еліміздің басқа өңірлерінде де жүргізілмек.
Балабақшалар 100% қауіпсіз болу керек. Осы күндері Алматыдағы екі мектепке дейінгі ұйымда орын алған оқиғаларға жол беруге болмайды. Балабақшалар әкімдіктердің қарамағында. Сонымен қатар заң бұзушылықтардың басым көпшілігі жекеменшік балабақшаларда тіркеледі. Бірақ қауіпсіздікті меншік нысаны мен бағыныстылығына қарамастан қамтамасыз ету қажет. Өкінішке орай, осы жылдың қыркүйегіне дейін мектепке дейінгі ұйымдардың сапасын мемлекеттік бақылау тетіктері мүлдем болған емес. Балабақшалар басқа білім беру ұйымдарына қарағанда, лицензиялаудан босатылып, хабарлама арқылы ашылды. Сонымен қатар бұрын мемлекеттік бақылау мен аттестаттаудан босатылды. Тек осы жылы ғана біз балабақшаларға мемлекеттік тексеру институтын заңды түрде енгізе алдық. Осыған байланысты көптеген наразылықтар болды. Бірақ балалардың мәселесіне келгенде, бей-жәй қарамау керек. Алғашқы нәтижелер мұндай тексерулердің қажеттілігін көрсетті. Желтоқсан айының басында біз тексерген балабақшалардың шамамен 80%-ы білім беру қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты мемлекеттік аттестаттаудан өтпегенін хабарладық. Сондықтан біз бақылау құралын енгізді, - дейді Білім және ғылым саласында сапаны қамтамсыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.
Бұған дейін Алматыдағы 24 желтоқсанда Әуезов ауданы №58 балабақша бір бүлдіршінді топ бала жабылып ұрған.
Сондай-ақ Жетісу ауданындағы «Сәби бала» атты жекеменшік балабақшада болған. Тәрбиешінің партада отырған бүлдіршіндерді шетінен ұрып, қыздардың шашынан сүйреп жүрген сәттері кадрға ілінген. Балаларының қорлық көргенін білген ата-аналар полицияға арызданған. Осы оқиғадан кейін балабақша тәрбиешісінің өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болғаны хабарланды.
Біз мемлекеттік тапсырысты жеке меншік балабақшаларда орналастыруға, тәрбиешілердің біліктілігіне және қауіпсіздік мәселелеріне қойылатын талаптарды күшейтеміз. Сонымен қатар мектептер мен балабақшаларда педагогикалық жұмысқа алғаш кіретіндердің біліктілігін тәуелсіз тексеру туралы талап енгізіледі.
Балабақшалар заңды әкімдіктердің қарауында екенін ескере отырып, біз мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысын ерекше бақылауға алу қажеттігін бірнеше рет атап өттік. Әр топқа бейнекамералар берілуі керек. Балалармен жұмыс істейтін кадрларды іріктеу мәселесі де өте маңызды», – деп атап өтті комитет басшысы.